Қазақ әдебиеті антологиясының ағылшын тіліндегі нұсқасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ әдебиеті антологиясының ағылшын тіліндегі нұсқасы таныстырылды

26.09.2019

Ұлыбританияда «Заманауи қазақ поэзиясы мен прозасы антологиясының» ағылшын тіліндегі нұсқасы таныстырылды. Салтанатты шара Лондон төріндегі әлемдегі ең ірі «The British library» кітапханасында өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақстандық авторлардың таңдаулы шығармалары тұңғыш рет әлемнің негізгі алты тіліне аударылып, 2 млрд-тан астам адам қазақ әдебиетінің үздік туындыралымен танысуға мүмкіндік алмақ.

Индира Бектенова, тілші:

Әлемнің 90 мемлекетінде орналасқан ұлттық кітапханалардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу орталықтарының кітап жиынтығы тағы бір құнды дүние қазақ әдебиетінің антологиясымен толықпақ.

Әрқайсысы - шамамен 500 беттен тұратын аударма жұмыстары 2017 жылдан бері жүргізіліп жатқан қажырлы еңбектің нәтижесі. Аудару процесіне тек білікті мамандар жұмылдырылып, Қазақ прозасы мен поэзиясының антологиясы Кэмбридж университеті баспасында жарық көрді. Айта кету керек, бас-аяғы 60 автордың туындысы антологияға енген. 

Ричард Кумбц, аудармашы: 

Мен Әкім Таразидің «Жаза» романын аудардым. 2 апта ішінде жұмысымызды аяқтадық. Осы тұста автордың ерекше стилін атап өткім келеді - өте драматикалық әрі шапшаң, сол себепті автордың энергиясын мен аудармашы ретінде оқырмандарға өзгертпей жеткіздім деп ойлаймын.

Аида Балаева, ҚР Президентінің көмекшісі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұлттық комиссия хатшысы:

Енді заманауи қазақ поэзиясы мен прозасы антологиясының таныстырылу рәсімі Испания мен Парижде өтеді деп жоспарлануда.

Индира Бектенова 

Хабарламаларға жазылу