Индонезияда жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда жер сілкінді

26.09.2019

Индонезияның шығысындағы Малуку провинциясында қуаты 6,8 балдық жер сілкінісі болды. Әзірге құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ. Дегенмен, жер дүмпуі әлі тоқтамай жатыр. 

АҚШ-тың Геологиялық бақылау агенттігінің мәліметінше, зілзала ошағы Амбон қаласынан 37 шақырым қашықтықта анықталды. Айта кетсек, Индонезия Тынық мұхитының сейсмикалық қаупі жоғары отты шеңберінде орналасқан. 

Былтыр осы Малуку провинциясының батысындағы Сулавеси аралында қыркүйекте болған алапат жер сілкінісі мен цунамиден 4 мыңнан астам адам қаза тауып, 57 мыңы баспанадан айрылды. Олар әлі күнге дейін уақытша үйлерде тұрып жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу