Барнаулға ұшақ апатты жағдайда қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Барнаулға ұшақ апатты жағдайда қонды

26.09.2019

Ресейдің Барнаул қаласында ұшақтың апатты жағдайда қонуы салдарынан 50-ден астам адам жараланды. 

Boeing 767-300 маркалы лайнер Вьетнамның Камрань қаласынан жеткен. Әуежайға қону барысында оның шасси тағаны тұтанды. Түтінді көре сала, борттағы 334 жолаушы үрейі ұшып, есікке лап қойған. Байбалам кезінде 56 жолаушы әртүрлі жарақаттармен медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды. Дәрігердің тексеруінен кейін олар босатылып, тек бір әйел ғана ауруханаға жатқызылған.

Өрт 20 минут ішінде толықтай сөндірілді. Ал апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу комитеті оқиға бойынша іс қозғап, мән-жайды анықтап жатыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу