Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясы іске қосылды. Жалпы аумағы 125 гектар жерге 150 мың гелиопанель орнатылды. Жобаға неміс инвесторлары қаржы құйған. Бұл - облыстағы үшінші күн электр станциясы.
Енді мұнда 20 адам тұрақты түрде еңбек ететін болады. Барлық станцияның өндіретін қуаты 190 МВт-қа жетіп отыр. Егер жылу энергия орталықтары дәл осындай көлемде электр қуатын өндіретін болса, қоршаған ортаға тонналап газ тарайтын көрінеді. Демек бұл - энергия тапшылығын жою мен экоахуалды жақсартуға бағытталған тиімді жобалар.
Алмас Айдаров, облыс әкімінің орынбасары:
Жалпы, инвестицияларды алатын болсақ, осы үш станцияны салу үшін 70 миллиард теңгеден астам шетел инвестициясы құйылды. Осы станцияның өзіне 12 миллиард теңге қаражат құйылды. Германиядан тартылған инвестициялар.
Руслан Нұрланұлы