Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 200 миллиард теңге жиналды. Бұл ақша 1 қаңтардан бастап тегін медициналық қызметтерді қаржыландыруға жұмсалады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, медициналық сақтандырудың пилоттық жобасы Қарағандыда бірінші қыркүйектен басталған. Ал келесі жылы республика бойынша медициналық сақтандыруға 600 миллиард теңге жұмсалмақ. Оған қосымша мемлекеттен аталған қорға 1 триллион теңге бөлініп, тегін медициналық көмек көрсетуге жіберіледі. «Қазіргі таңда 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу үшін қызу дайындық жүріп жатыр»,- деді Елжан Біртанов.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Біріншіден, тегін медициналық көмектің түрін көбейтуге мүмкіндік туады. Тарифтерді көтеру негізінде медициналық қызмет берушілердің жағдайы жақсарып, 1 қаңтардан бастап дәрігерлердің айлығына 30 пайыздық үстемақы қосылады.
Саламат ОМАШ