Алматыдағы 4 аурухананың дәрігерлері ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы 4 аурухананың дәрігерлері ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды

29.09.2019

Алматыдағы нөмірі төртінші аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен сол клиниканың анестезиолог- дәрігері Асқар Тұңғышбаевқа қозғалған қылмыстық іске орай. Дәлірегі – қамалғандарына байланысты.

Тезекбаевтың әйелі – Дина Тезекбаева Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа ашық хат жазды. Америкада жүрген Президент мәселенің ақ-қарасын анықтауға тапсырма бергеннен кейін, қамалған дәрігерлер бірінен кейін бірі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

 Хронологиясы мынадай: тамыздың соңында Алматының Алатау ауданы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Күдебаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Алматы полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаевтың ұлы. Ол апатқа ұшырап, Алматыда операция жасалады. Кейін Германияға емдеуге апарған, сол жерде қайтыс болады.

 Қыркүйектің басында сот шешімімен алдымен Асқар Тұңғышбаев екі айға қамалады. «Кәсіби міндеттерін жеткілікті орындамауының кесірінен кісі өлді» деген сипаттағы айыппен. Ал бір апта бұрын дәл сондай айыппын сол мерзімге – екі айға Қанат Тезекбаев қамауға алынады.

 Сотқа дейінгі тергеуді Алматы бойынша экономикалық істер департаменті жүргізіп жатыр.

 Тоқталатыны, Денсаулық сақтау министрлігі қайтыс болған адамға сот-медицина сараптамасы жүргізілмегенін хабарлады. Сонымен бірге оның Германияға қалай жеткізілгені, оны алып жүруге дәрігерлердің рұқсат беріп-бермегені, жалпы, оқиғаның қалай өрбігені жұмбақ.

Қоғам реакциясы бір сарында емес. Дәл қазір маңыздысы – жан-жақты, толымды тергеу жүріп, әділ шешім шығарылғаны. Қоғам гуу, гүр ете қалатындай шешім шықса...


Хабарламаларға жазылу