Туризмді дамытуға мүгедек жандарда да атсалыса бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туризмді дамытуға мүгедек жандарда да атсалыса бастады

30.09.2019

Елордадағы қоғамдық бірлестік мүшелері оңтүстік өңірлерге аттанды. Әуелі Түркістанға түсіп, аймақтың туристік әлеуетін бақыламақ. Сондай-ақ, инватуризмнің жағдайымен танысады. Қоғамдық ұйымдармен кездесіп, мүгедек жандардың саяхатын дамытуды талқылайды. Көрікті жерлерді көпшілікке әлеуметтік желі арқылы насихаттамақ.     

Құрбанәлі Әбуов, қоғамдық бірлестік мүшесі:

Біздің мақсатымыз инватуризмді яғни шексіз туризмді дамыуға үлес қосу. Туристік жерлерді көзбен көріп,ондағы жағдайды бақылап, өзіміз секілді мүгедек жандардың бірлестіктерімен жолығып, өзара пікір алмасамыз. 

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу