Елордалықтар отбасы күнін атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалықтар отбасы күнін атап өтті

30.09.2019

Елордалықтар «Отбасы» және «Мүмкіндігі шектеулі балалар күнін» атап өтті. Айтулы мерекеге арнап «Жанұя» отбасылық дәрігерлік орталығы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Мұндағы басты мақсат қоғам назарын отбасылық құндылықтарға аудару. Толығырақ, тілші әңгімелейді. 

«Жанұя» отбасылық дәрігерлік орталығының 43 мыңға жуық мүшесі бар. Олардың қатарында көпбалалы аналар, мүгедек балалар, жалғыз басты қарттар мен аз қамтылған отбасылар бар. 

Гүлмира Бекетова, «Жанұя» компаниясының директоры:

Біздің орталықтың басты артықшығы ешқандай кезек жоқ. Барлық қызмет цифрландырылған. Білікті медицина мамандары бар. Арнайы қосымшамыз бар, ата-аналар сол арқылы дәрігерге жазылады. 

Орталықта медициналық қызметтің барлық түрі көрсетіледі. Денсаулық сақтау басқармасымен бірігіп 2020 жылдан бастап 1,2,3 санаттағы жедел жәрдемді іске қосу жоспарланған.

Замира Борлықбаева, «Жанұя» отбасылық дәрігерлік орталығының меңгерушісі:

Біздің орталықта жалпы тәжірибелік дәрігер, кардиолог, эндекренолог, мамолог, анколог, бала неврапатологы және акушер-генеколог жұмыс істейді. 

Мәдина Баймұхаметова, қызмет алушы, ата-ана:

Көмек жағынан кезекте көп тұрмаймыз тез әрі сапалы қабылдайды бізді дәрігерлеріміз жақсы өзімізге ұнайды. 

«Отбасы күнінде» арнайы аниматорлар шақырылып балалардың көңілі көтерілді. Жасөспірімдер өз өнерлерін ортаға салды. «Менің жанұям» атты байқаудың жеңімпаздары анықталды. 

Ербол МӘНДІБЕК

 

Хабарламаларға жазылу