Диқандар үшін егіс алқабынан бидай жинау қиынға соғып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Диқандар үшін егіс алқабынан бидай жинау қиынға соғып жатыр

30.09.2019

Диқандар үшін егіс алқабынан бидай жинау қиындауда. Қолайсыз ауа райы әлсін-әлсін жұмысты тоқтатуға мәжбүрлеуде. Оның үстіне жаз бойы болған аптап ыстықтың салдарынан астық күйіп кеткен. Енді міне оқтын-оқтын жаңбыр жауып терімді тұралатуда. Осы жәйттердің салдарынан биыл бидай шығымы азайған. Мәселен, былтыр 23 миллион тонна жиналса, осы жылы орташа есеппен 17-18 миллион тонна жиналады деп болжануда. Бүгін Ауылшаруашылығы министрлігінің өкілдері брифинг өткізіп, жалпы ахуал туралы баяндама жасады. Ведмоства басшысының бірінші орынбасары Айдарбек Сапарбековтың айтуынша, шаруалар үшін жанармай мен техникалық жарақтанудан ешқандай қиындық жоқ. «Бидай жинау науқаны 10-15 күнде аяқталады»,- деді. Ал «астықтың аз шығуы нан бағасына әсер етеме?» деген сұраққа былай жауап берді.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары: 

Егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Әлі 20 пайыз жинау керек. Бүгінде әлі ертерек нан қымбаттайды деп айтуға. Нанның бағасы әзірге тұрақты. Бірақ қымбаттаса да аздап қымбаттар. Бірақ ол үшін корпорация бидай сатып алып жатыр. Сол бағаны ұстап тұрақтандыру үшін.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу