Еттен зиян жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еттен зиян жоқ

01.10.2019

Қызыл немесе өңделген ет рак, диабет, жүрек ауруларына шалдықтырады деген болжам расталмады. Мұны Канаданың Далхос университетінің профессоры Брэдли Джонсон мәлімдеді. Ауқымды зерттеу Испания, Польша ғалымдарымен бірлесіп жүргізілген. Оған әлемде 50 мыңнан астам адам қатысты. 

«Біз ет пен обыр, диабет, жүрек аурулары арасында байланыс таба алмадық. Етті аз жегеннен денсаулыққа пайда шамалы», - дейді Джонсон. 

Ғалымның сөзінше, Солтүстік Америка мен Еуропада етті аптасына 3-4 рет жейтін тұрғындар өте көп. Бірақ, соған қарамастан, олардың жаппай ауруға шалдыққаны байқалмаған. 

Бұл қорытынды әлемнің жетекші тағамтану агенттіктерінің адамдарға беретін диета ұстау туралы кеңестеріне қайшы келіп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу