Альцгеймермен ауыратындар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Альцгеймермен ауыратындар көбейді

01.10.2019

Алматыда 40 жастан асқандардың арасында альцгеймер немесе деменция ауруларына шалдыққандар көбейді. Дәрігерлердің сөзінше, бұл кеселдің емі жоқ. Дегенмен, оны асқындырмаудың жолы көп. Осыған байланысты Психикалық сауықтыру орталығында Геронтология бөлімі ашылған. Ол жерде мамандар алжыған қарттарға көмек көрсетеді.

Орталыққа соңғы 5 айда түрлі себептерге байланысты күйзеліске түскен 90-ға жуық науқас келген. Мәселен, 73 жастағы зейнеткер осы жерде 1 аптадан бері емделіп жатыр. "Бірнеше жылдан бері ауруыма шипа іздедім. Осында келгелі тәуір болдым", - дейді қария.

Диагноздардың бәрін қойып, маған ем-дом жүргізіп жатыр. Қазіренді бұрынғыдан жақсарып қалдым. Нәтиже болмағаннан кейін әр жерге бардым. Енді осындабалалар алып келді. 

Мамандардың сөзінше, 40 жастан бастап, есте сақтау қабілеті төмендейді. 

Сапар Рахменшеев, Қалалық психикалық сауықтыру орталығының бас дәрігері:

Егер осындай ауруларды уақытылы алып келетін болса, бұлауруларды бірінші кезеңнен екінші кезеңге өту уақытын біз ұзартамыз. Яғни, мидың қантамырларын жақсартады, қызметін. Екіншіден мидың қоректенуін жақсартатындәрілер. 

Қоғамда осы психологқа, психиатрға, психотерапевтке келу деген үлкенүрей. 

Бұл жерде ондай түсінік болмауы керек.

Орталықта науқастарға бар жағдай жасалған. Тынығуға арналған саябақтан бастап, қолынан іс келетіндер үшін тігінхана, баспахана ашылған. "Олар тапсырыс келген сайын қуанады. Сондықтан уақыттарын тиімді пайдалануға көмектесеміз. Себебі науқастарды қоғамға бейімдеу - міндетіміз", - дейді дәрігерлер. 

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу