Елордада латын әліпбиінің емле-ережесін үйретуге арналған оқыту сыныптары ашылды. Орталық курс өткізуге қажетті құралдармен, техникамен жабдықталған. Дәрісханаларда өңірлермен байланыс орнатып, онлайн семинар өткізуге де мүмкіндік бар. Осы уақытқа дейін «Тіл-қазына» ұлттық орталығының мамандары республика бойынша 500-дей адамға жаңа әліпбидің емле-ережесін үйреткен. 2 апталық курстан өткендер өңірлерге барып, алған білімімен өзгелермен бөліседі.
Әлібек Асқаров, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры:
Ала жаздай оқытатын жерді таба алмай, қонақ үйдің астындағы залдарды жалдап, сөйтіп жүруші едік.
2025 жылы барлығымыз латын әліпбиіне көшуіміз керек, соған дейін үлкен белсенді жұмыс атқармасақ болмай жатыр. Бүгінгі онлай залдар, орталық ашылып жатқан осыған бағытталған. Насихат жұмыстарына бағытталған.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ