![Мемлекет басшысы «Еуразия континентінің транзиттік әлеуеті» форумына қатысты](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/10/2/1569987051083.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия континентінің транзиттік әлеуеті» форумының жұмысына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мұндай форматтағы іс-шара ЕАЭО үшін жаңалық болды. Жоғары Еуразиялық экономика кеңесінің шешіміне сәйкес, мұндай форумдар төрағалық етуші тараптан әртүрлі тақырыптарда интеграциялық бірлестікке мүше-мемлекеттердің мүдделеріне сай өтіп тұратын болады.
Еревандағы форумда көлік-логистика саласын дамыту, ЕАЭО елдерінің транзиттік мүмкіндіктерін нығайту мәселелері талқыланды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы «Еуразия континентінің транзиттік әлеуеті» форумына қатысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/117285/)