«Менің тілім – ұлы дала рухы». Осындай атауды арқау еткен шара елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Шара барысында қала әкімінің «Тіл тұғыры» құрмет марапаты табысталды. Бұл сыйлық өз саласы, бағыты бойынша мемлекеттік тілдің дамуына атсалысқан азаматтарға берілді.
Ғабит Бөкенбай