Үкімет басшысы Асқар Мамин Түркістан және Шымкент қалаларына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы Асқар Мамин Түркістан және Шымкент қалаларына барды

02.10.2019

Бүгін Премьер -Министр Асқар Мамин Шымкент шаһарына барды. Жаңадан салынатын әуежай жобасымен танысты. «Бадам» тұрғын үй кешенінің құрылысымен, сондай-ақ тарихы 2200 жылға тартатын ежелгі қалашық орнында ашылатын ашық аспан астындағы музей жобасын көрді. Бірқатар өндіріс орындарын аралаған Үкімет басшысы түс ауа Түркістан шаһарына жетті.

Шымкентте 67 мыңнан астам орта және шағын бизнес өкілі бар. Өндірісте өсім байқалады. Соңғы сегіз айдың өзінде өнім көлемі 360 миллиард теңгеге жеткен. Химия өндірісі- 21 пайыз, металлургия-26, мұнай өңдеу-31 жарым пайызға өскен. Үкімет басшысы текстил фабрикасын, сондай-ақ өнімдері өзбек, қырғыз, тәжік нарығына шыққан керамагранит зауытына бас сұқты.

Ал бұл Түркістан облысының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы. Құрылысы ғыж-ғыж қайнап жатыр. 500 адам 3 ауысымда тынымсыз еңбек етіп жүр. 7 жарым гектар аумаққа облыстық әкімдік ғимараты, департаменттер мен басқармалар үйі, бірнеше банк, 7 мың орындық стадион, мұз сарайы, сондай-ақ медиа орталық бой көтерді.

Гүлжазира Ғалиқызы, тілші:

Бұл – медиа орталық. Жалпы аумағы 3800 шаршы метр. Мұнда облыстың 3 газеті, «Түркістан» телеарнасы, Өңірлік коммуникациялар орталығы, республикалық БАҚ өкілдері орналасады. «Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса» демекші, тапсырыс беруші – Алматы қаласы. Сондықтан жаңа медиа орталық «Алатау» деп аталады.

Әлемнің сегізінші кереметі саналатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңайы да алып құрылыс алаңына айналған. Мемлекеттік қорық – музей аумағы 85 гектар болса, соны айнала Арбат салынып жатыр. Жағалай жасыл- желек, су бұрқақтар бұлаң қағып тұрмақ. Қаланың климаты – құрғақ. Аптап ыстық, аңызақ жел. Содан сая болатын жасыл белдеу болады. Осы күз бен қыс, аудан мен қала жұрты асарлатып, 220 мың түп ағаш егеді. Бүгін Нұртас Оңдасынов аллеясына көшет отырғызған Үкімет басшысы еліміздің барлық мектептерінде болатын экологиялық сағат -жаңа республикалық акцияны бастап берді.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология, табиғи ресурстар министрі:

Шаһар басшысының айтуынша, Түркістанды көгалдандыру үшін магистралды су арнасы жөнделуде. Арық-каналдардың суы зая кетпес үшін табанына тас төселіп жатыр.

Рашид Аюпов, Түркістан қаласының әкімі:

Үкімет басшысы Түркістанда салынып жатқан салтанат сарайын, амфитеатр, шығыс моншасы, музыкалық мектеп, халыққа қызмет ету орталығы, спорт мектебі құрылысын тағы бір пысықтап қайтты.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу