Оған ауыл шаруашылығымен айналысатын 170-тен аса іскер қыз-келіншек қатысты. Бұған дейін бұл форум еліміздің 14 аймағында өткен. Жиын мақсаты - жұмыссыздықпен күрес, бизнес бағдарламаларды түсіндіру, кәсіпкер әйелдердің алдында кесе көлденең тұрған кедергілерді талқылау.
Халқымыздың 45 пайызы ауылда тұрады. Жалпы, ішкі өнімдегі қосалқы шаруашылықтардың үлесі 50 пайызға пара-пар. Ал бұл бағытқа берілетін мемлекеттік қолдау тетіктері қандай? Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының оқу курстары қаншалықты тиімді? 500 мың теңге алу үшін бір ай теориялық тәлім алу жеткілікті ме? Әйелдерге ісін дөңгелетіп әкетуге керекті нақты әдіс-тәсілді, керек тетікті кім береді? «Форумда осындай сұрақтардың жауабы айтылады», - дейді ұйымдастырушылар.
Салтанат Рақымбекова «Жасыл экономика және G-GLOBAL» коалициясы басқарма төрайымы:
Форумда практикалық семинарлар болады.