Қазанның 5-6 күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қарағанды облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жермеңке аясында Бауырсақ және қымыз фестивалі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Алдағы демалыста «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанында Қарағанды облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге өңірдің 9 ауданы мен 4 қаласынан 80 шаруа қожалықтары және қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынады. Сауда сөрелерінде барлығы 600 тоннадан астам өнім сатылады. Оның ішінде: 100 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 15 тонна сүт өнімдері, 360 мың дана жұмыртқа, 5 тонна балық және 16 тоннадан астам басқа да өнімдер әкелінеді.
Сонымен қоса, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу аясында «Бауырсақ және қымыз» фестивальдері ұймдастырылып, келушілер назарына өңірдің шығармашылық ұжымдарымен концерттік бағдарлама ұсынылады.