Отандық өнімге сұраныс артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық өнімге сұраныс артады

04.10.2019

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың тек 50 пайызын ғана отандық өнімдер қамтып отыр. Өзгесі шет елден келеді. Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың көлемі 17 триллион теңгеден асады екен. Бұл туралы бүгін «Субкантрак биржасы – 2019» жиынында айтылды. Көбіне ірі компаниялар бір бірімен тіл табыса алмайды. Бірі тауардың сапасы нашар, бағасы қымбат оның үстіне сұранысымызды уақытылы жаппайды десе жеткізушілер сұраныстары тым жоғары ал ұсынған ақшасы тым аз деген сылтау айтады. Осылайша отандық компаниялардың сату нарығы тарылып, бірнеше триллион теңге шекара сыртына кетеді. Бүгінгі жиында ірі және орта бизнестегі кәсіпкерлердің басын қосып, 16 миллиард теңгенің келісімін жасады.

Тұрар Жолмағанбетов, «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ төрағасының орынбасары:

Жеткізуші тауардың сапасы төмен болса ол өзіне міндет алады. Осы 2 жылда сапамды жоғарылатамын осындай өнімге шығамын мынандай бағағы шығарамын. Бірақ маған кепіл керек сен сатып аласың 2 жылдан кейін, осындай көлемдегі ақшаға. 

Сатып алушы оған келіседі онымен. Иә осындай бағамен осылай деп. Қол қойылады. 

Біздің мақсатымыз осы байланысты әрі қарай дамыту. Сүйте келе ұлттық саясат жергілікті өнімнің үлесін жоғарылату.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу