Қорғаныс министрі Қапшағай гарнизонын дабыл бойынша көтерді. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдері және радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныс бөлімдері белгіленген аудандарда оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Командирлермен әртүрлі шешімдер қабылданды. Тексеріс барысында жеке құрамның шаттық қару-жарақтармен іс-қимылдарына, тәжірибелік оқ атуларды орындалуына, жауынгерлік даярлық пәндері бойынша нормативтерді жүргізуге және пысықтауға ерекше назар аударылды.