ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

04.10.2019

 Еліміздің 6 өңірінде 5 миллиард 3 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік қаражат ұрланған немесе мақсатсыз пайдаланылған. Одан мемлекетке 730 миллион теңге шығын келген. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия барысында айтылды. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың сөзінше, осы фактілер бойынша сотқа дейінгі 7 тергеу жұмысы жүргізіліп, 300 миллион теңгеге жуығы қайтарылған. Сондай-ақ соңғы 3 жылда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 145 қылмыс әшкереленген. Осыған байланысты, мемлекеттік хатшы бірқатар тапсырма беріп, жағдайды қатаң бақылауға алуға ерекше назар қойды.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу