Жамбыл облысында 683 адам қайтарымсыз грант ұтып, кәсіпкер атанды. Олардың 500-ден астамы – жұмыссыз жастар. Биыл кәсіп ашуға ниеттеніп, еңбекке араласқан азаматтарға 334 миллион теңге үлестірілді. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін екі еселенуі мүмкін. Кәсіпкерлікке ден қойған аймақтың жастарымен өңірдегі тілшіміз Сәбит Әлдебай сұхбаттасты.
Алуа Орымбетова – шалғайдағы Мойынқұм ауылының тұрғыны. Жоғарғы оқу орынын аяқтаған жас маман аудан орталығынан шағын кәсіп ашуды көздеген. Алайда қаражаттың жоқтығы қолбайлау болып, кәсібін үйде бастады. Жаңа бизнес үшін қайтарымсыз қаражат барын естіп, Жұмыспен қамту орталығына жүгінген. «Сабақты ине сәтімен» шығып, алған қаражатқа сән салонын ашты.
Алуа Орымбетова, кәсіпкер:
Өзім макияжға қызығатынмын басында, макияжды оқып бастадым, оқытқан апайым көмектесті. Өзі қай жақтан не алу керек екенін. бизнес жоспарға да көмектесті. 1-2 аптада жинадық.
Биыл шалғай ауылдан кәсіп ашамын деушілердің қатары көбейді. Жұмыспен қамту ортылығанда жүзден астам азамат арнайы курстан өтіп, 32 адам жаңа жобасы үшін қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізіпті.
Бақытгүл Қалымбетова, Жұмыспен қамту орталығының директоры:
Қазір бізде Мойынқұмда ең нақты мал шаруашылығы болатын. Бірақ бүгінгі таңда біз қуанып отырмыз. Халықтан түрлі ұсыныстар түсіп жатуына байланысты, құс өсіру, компьютерлік сервис, наубайхана сүт өнімдері сияқты әртараптандырылып отыр.
Мамандардың мәліметінше, аймақ азаматтары үшін қайтарымсыз қаражат екі мыңға жуық адамға берілмек. Ол үшін қазынадан 889 миллион теңге бөлінген.
Ғалижан Мейірманов, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:
1129 жасқа 570 млн теңгенің грантын беру жоспарланса, аз қамтылған көпбалалы отбасылардың 611 мүшесіне 308 млн теңге грантын беріледі деп жоспарланып отыр. Сосын 100 АЕК 43 грантқа 10 млн теңге қаржы қаралған.
Қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізгісі келген әрбір азамат Жұмыспен қамту орталығына баруы тиіс. Қысқа мерзімдік кәсіптік оқудан өтіп, жаңа жобасын қорғаған жағдайда жаңа бизнесін бастай алады. Алайда ешқандай кепілсіз берілетін қайтарымсыз қаражаттың мақсатты жұмсалуы ескеріледі дейді мамандар.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ