Иракта шерулер кезінде 6 000 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта шерулер кезінде 6 000 адам жараланды

07.10.2019

Иракта қауіпсіздік күштері мен шерушілер арасындағы қақтығыстан кемінде 110 адам қаза тапты. Солардың 15-і өткен тәулікте мерт болған. Ал, жараланғандар саны 6 мыңнан асып отыр. Құрбандардың сегізі - полиция қызметкерлері. 

Тәртіп сақшылары демонстранттарды тарату үшін шын оқ атты. Бұған ашынған жастар шеруді тіпті өршітіп, коррупцияға, жұмыссыздыққа, ауыз су мен жарықтың тапшылығына наразылық білдіріп жатыр. Осыған орай премьер-министр Әбдул Махди мәлімдеме жасап, шерушілермен бетпе-бет кездесіп, олардың мұң-мұқтажын қарусыз тыңдауға уәде берді.

Билікке қарсылық акциялары оңтүстіктегі шииттер мекендейтін қалаларға да тарады. Ал, шиттердің рухани жетекшісі – Аятолла Әли әс-Систани үкімет пен манифестанттарды зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу