Д.Назарбаева Ақтөбедегі жол құрылысының стандарттарына қатысты мәселені көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Д.Назарбаева Ақтөбедегі жол құрылысының стандарттарына қатысты мәселені көтерді

07.10.2019

Ақтөбе облысында кейбір техникалық бақылау мекемелері салғырттық танытып, жол құрылысының стандарттарына мән бермейді. Соның салдарынан сапасыз жолдардың жыры бітпей отыр.

Өңірге арнайы жұмыс сапарымен барған ҚР Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Сенат жанынан құрылған Кеңесте осы сұрақтар кеңінен талқыланатынын және аймақтағы жауапты тұлғалармен тығыз қарым-қатынас орнайтынына сенім білдірді. Облыс орталығында ұйымдастырылған жиында қалалық, облыстық мәслихат депуттарының пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Жергілікті халықтың өмір сүру деңгейі талқыланды. Дариға Назарбаева мәслихаттардың мәртебесін арттыру, рөлін одан әрі нығайту үшін үкіметке ұсыныстар әзірленгенін айтты. Және де депутаттарды «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» заңға енгізілген түзетулермен танысып шығуға шақырды. Ақтөбеге араға 15 жыл салып келген Дариға Назарбаева батыс қақпасына айналған қаланың осы уақат аралығында көп өзгеріп, көркейгенін айтты. Жалпы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жоғары баға берді.

Жақсыбек КЕМАЛ


Хабарламаларға жазылу