Алматыда жалған ақша жасайтын цех анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жалған ақша жасайтын цех анықталды

08.10.2019

Экономикалық тергеу сотының жедел іздестіру шаралары барысында ұлттық банкноттарды жасап, нарыққа енгізіп отырған үш азамат ұсталды.

Тінту кезінде олардың 5000 теңгелік ақшаның 300 мыңға жуық данасын шығарғандығы белгілі болды. Сонымен қатар, жасырын цехтан түрлі-түсті бояулар, принтерлер, арнайы қағаз бен қажетті құрал жабдықтар, ноутбуктер тәркіленген. Бұдан бөлек, 500 теңгеліктерді жасауға әзірленген құрал-жабдықтар да табылды. Ал, ұсталған азаматтардың біреуі бұрын да сотталғаны анықталды.

Жақсылық Мырзахан, қалалық Экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:

Үш азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық кодесінің 231 бабы, яғни құнды қағаздар жасау немесе жалған ақша жасау бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, қыркүйек айының аяғында тергеу амалдары аяқталып,сотқа жолданған болатын.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу