Гонконг лидері көтерілістерге қатысты ескерту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконг лидері көтерілістерге қатысты ескерту жасады

08.10.2019

Гонконгта демократиялық реформаларды талап еткен шерулер ушығатын болса, бұл көтеріліске Қытай араласуы мүмкін. Мұны арнайы әкімшілік ауданның лидері Кэрри Лэм мәлімдеді. Дегенмен, оның сөзінше, жергілікті билік саяси дағдарысты өз күшімен еңсеруден үмітті. Және де Лэм демонстрацияларды тоқтату үшін төтенше күш қолдану жоспарланып отырмағанын мәлімдеді.

Гонконгта айыпты деп танылған адамдарды Қытайға экстрадициялау туралы заңға қарсы шерулердің басталғанына төрт ай болды. Даулы құжат күн тәртібінен алынып тасталса да, қарсылық акциялары тоқтар емес. 

Осыдан бірер күн бұрын манифестацияға маска тағып баруға тыйым салынды. Содан кейін үкіметке қарсы шерулер қайта күшейіп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу