Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауызсу сапасына қатысты мәселені көтерді.
«Қала тұрғындары ауызсу сапасы мәселесін бірнеше мәрте көтерді. 20 қыркүйекте әлеуметтік желі арқылы азаматтар судан шығып тұрған жағымсыз иіске шағымдана бастады. Бірақ елордалық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті тарапынан түсіндіру бір аптадан кейін, 27 қыркүйекте ғана болды. Неліктен шұғыл әрекет етпейді? Біреулермен жауабын келісе ме? Бастысы - елеп-ескеру емес, бұл мәселені шешу. Біз елордамызды басқаша мақтаймыз, ал суы басқа түрде мүңкиді», - деді Президент.
inform.kz