Елордада кәсіподақ ұйымдарының мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада кәсіподақ ұйымдарының мәселесі талқыланды

09.10.2019

Кәсіподақтардың жұмысына кедергі көп. Әсіресе, өңірлерде. Бұл туралы бүгін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының XIV съезі кезінде айтылды. Сондай-ақ, жиын барысында аталған кәсіптік одақтың атқарған жұмысы қортындыланып, жұмыс жоспары құрылды. Мәселен, Қостанай облысында білім саласында жұмыс істейтін мамандарды өзге саланың одағына мүше қылып тіркегендер анықталған. «Ол мұғалімдер өздеріне қажетті көмекті өзге ұйымнан ала алмай қалуы мүмкін», деп отыр мамандар. Жиын барысында осындай түйткілді мәселелердің барлығы көтеріліп, шешу жолдары талқыға салынды. 

Майра Амантаева, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы:

Бұл сол жерде болып жатқан келеңсіздік деп ойлаймын. Ол мәселе бойынша барлық жерге айтылды. Жоғары билік өкілдері де біледі. Біздің федерация да біледі. Халықаралық ұйым да біледі.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу