Елбасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

09.10.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады. Кездесу барысында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына елдегі қылмыстық ахуал мен министрліктің құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат берілді. Биыл елде қылмыс 15 пайызға төмендеген. Ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 77,5 пайыз болса, аса ауыр қылмыстар бойынша көрсеткіш – 88 пайыз. Сонымен қатар Ішкі істер органдарын реформалау аясында полицияға халықтың сенімін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру барысы туралы айтылды.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу