Еліміздегі жайылымдық жерлердің 60 пайызға жуығы бүлінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі жайылымдық жерлердің 60 пайызға жуығы бүлінген

09.10.2019

Еліміздегі жайылымдық жерлердің 60 пайызға жуығы бүлінген. Ал суармалы егінді жерлердің — 10, орманды алқаптардың 8 пайызы тозған.

Алматыда өткен «Биоалуантүрлілікті сақтау, жерлердің бүлінуі мен климаттың өзгеруі» атты халықаралық жиында сарапшылар осыны айтты. Орталық Азияның мамандары мен ғалымдары өңірдің экологиялық мәселелерін талқылады. Өйткені жердің бүлінуі бүгінде әлемді толғандырып отыр. Біріккен ұлттар ұйымының дерегінше, қазір қуаңды құрғақ жерлер жер бетінің үштен бір бөлігін алып жатыр. Ал жердің шөлейттенуі мен бүлінуі жаһандық әлеуметтік-экономикалық мәселеге айналды. Мәселен, топырақ құнарлығының төмендеуі аграрлық сектордың ахуалына кері әсерін тигізді. Жер мен судың бүлінуі топырақ құрамындағы қорек заттардың жоғалуына әкеп соққан.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология, геология және табиғат ресурстар вице-министрі:

Бізде осы 15 жылда осы мәселе бойынша халықаралық ұжымдармен біз 30-дан астам жобаларды іске асырдық. Оның құны бүгінгі күні 50 миллионнан астам доллар. Ал енді соның ішінде бір атап өтетін жоба, мына өздеріңіз білесіздер, Арал теңізінің бүгінгі қураған жердегі 2008 жылдан бастап 14 жылға дейін 56 мың гектер жерге сексеуілден орман отырғыздық.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу