Ал, 11 адамның ата-аналық құқығы шектелді. БҰл-қалалық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жыл басынан бері қаралған жалпы істің 25 пайызы. Сотқа жолданған азаматтық істердің көбейіп бара жатқаны алаңдатарлық мәселе. «Отбасы соты» пилоттық жобасының нәтижесі көңіл көншітпейді. «Менің отбасым-менің байлығым» тақырыбында өткен дөңгелек үстел басында осы және өзге де мәселелер кеңінен талқыланды. Отбасындағы кикілжің, ажырасу кесірінен ең бірінші бала зардап шегеді. Сондықтан жанұя жарасымын сақтау, отбасы құндылығын дәріптеу, жасөспірімдер құқық бұзушылығының алдын алу тұрғысында кешенді жұмыстар жүргізу керек.