Жапония жағалауына жақындап қалған «Хагибис» тайфунына байланысты бірқатар халықаралық шаралар кейінге қалдырылды. Соның ішінде Регбиден әлем чемпионаты мен Формула-1 жарысы бар.
Синоптиктердің болжамынша, «Хагибистің» күші 1958 жылы соққы берген «Ида» тайфунынан асып түспек. Осыдан 60 жыл бұрын сол алапат дауылдан 1200 адам қаза тапқан еді. Сондай трагедияның алдын алу үшін ел билігі қауіпсіздік шараларын қабылдап, пойыз және көлік қозғалысын қысқартты. Және де сенбіге жоспарланған 800-дей ішкі әуе рейсі доғарылған.
Қазір «Хагибис» сағатына 25 шақырым жылдамдықпен жылжып барады. Одан рекордтық жауын-шашын түсіп, өзендер арнасынан тасиды деген болжам бар. Сондықтан, адамдарға үйде қалу ескертіліп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ