Нұр-Сұлтандағы ЕЦ-166/1 тергеу изоляторында жаңа фронт-кеңсе ашылы. Өткізу пункті заманауи құрылғылармен жабдықталған. Кезек реті де электронды түрде анықталады. Күдіктілер мен келушілер үшін кездесу ұйымдастыруға 16 жаңа бөлме жабдықталған. Аумақ толығымен видеобақылауда. Одан соң, келушілерге ыңғайсыздық болмау үшін адамды рентген арқылы тексеру жүйесі орнатылған. «Бұл жаңашылдықтар түрлі қылмыстардың алдын алады»,- дейді мамандар. Фронт-кеңсе күніне 150 адамды қабылдайды деп күтілуде.
Теңізжан Жәнібеков, ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы:
Бұндай фронт-кеңсе жоқ кезде кезек бұзылып, әртүрлі осындай келеңсіз жағдай болған. Соның бәрін біз естіп, фронт-кеңсе ашылып отыр. Мен ойлаймын, бұл жерге келушілерден енді ешқандай арыз шағымдар түспейді деп.
Оңғар АЛПЫСБАЙ