Мәдениет министрлігінің «Мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырушылар ол кеште әншілердің фонограмма қолданатыны болса, көрермендерді құлағдар етуі тиіс» деген заңға өзгеріс енгізу жоспары бар. «Уәкілетті орган бекіткен тәртіп бойынша хабардар етуі қажет» деген. Бірақ нақты қалай хабарлайды? Жобада жазылмаған...
Көрермен әншінің жанды дауысын тыңдауға барады. Сол үшін билет алады, сол үшін уақытын қияды. Егер фонограммамен ән айтылатыны ескертілсе, шын өнер мен өнер атын жамылған фальштың, шын өнер иесі мен орташа әртістің ара-жігін ажыратуға, олардың сахнаға, көрерменге қалай қарайтынын білуге мүмкіндік береді.
Ауыз жыбырлатып ән айтып тұрған сияқты кейіп таныту және оның дұрыс еместігін талқылайтынымыздың өзі біртүрлі... Ал жалпы, фонограмма кейбір көріністердің басқа формасы да сияқты. Алыстан қарасаң әп-әдемі, жақын үңілсең, сәйкессіздік. Өзіңнен өзің қысылғаннан не пайда, обьект былқ етпейді.