Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Бакуде өтіп жатқан түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің отырысы алдында тараптар екі елдің қарым-қатынасын талқылады. Түркия мен Қазақстан арасында байланыс ежелден бекем. Саяси-экономикалық, мәдени, гуманинарлық қатынас өзара достыққа негізделген. Алдағы уақытта да бауырлас елдердің алыс-берісі, барыс-келісі жандана бермек.