Емге қаржы жинау бизнеске айналған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Емге қаржы жинау бизнеске айналған

15.10.2019

Қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың еміне қаржы жинау бизнеске айналған. Делдалдар, әсіресе, балалардың ауруына ден қойып, содан пайда көреді. Бұл туралы Онкология саласындағы бүкіләлемдік көшбасшылар саммитінде еліміздің бас онколог дәрігері Диляра Қайдарова айтты. Оның сөзінше, шілдеден бастап обыр дертіне көмек көрсету орталықтарының әрбіріне тексеріс жасалған. Соған байланысты, соңғы үш айда хабарландырулар саны төмендепті. Делдалдардың жұмысы заңға қайшы болмаса да, сондай ем-домды елімізде алуға болады, - дейді бас маман. 

Диляра Қайдарова, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты басқарма төрайымы:

Еліміздегі науқастардың көбі Түркияға, Кореяға немесе Еуропаға барып емделгенді қалайды. Ал оларды шетелдерге жіберуге көмектесетін компаниялар түскен ақшадан бонус алып отырады. Бұл - бизнестің бір түрі..

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу