Алматы облысының электронды жер картасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының электронды жер картасы таныстырылды

17.10.2019

Бұдан былай кез келген азамат өңірдің жер телімдері туралы ақпаратты біліп, жер алуға өтініштерін электронды нұсқада жіберіп қана қоймай, қашықтықта рәсімдей алады. 

Бірінші кезекте электронды қызметке Жетісудың үш қаласы еніп отыр. Ол облыс орталығы, Текелі және Қапшағай қалалары. Келер жылы өңірдің басқа да аудан орталықтары мен ауыл жерлерін цифрландыру жоспарланған. Арнайы порталда тәлімді немесе суармалы алқаптар, жайылым мен орман қорының жерлерін, елді мекендегі жер телімдері сонымен қатар бос жатқан жерлер туралы да мағлұмат алуға болады.

Қуаныш Қашқынбаев, Алматы облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы:

Біздің ең ақырғы мақсатымыз - осы халыққа қызмет көрсетуді электрондық форматқа өткізу. Біздің халыққа қызмет көрсетуді тездету, ашық қылу. Содан кейін уақытында беру, жемқорлыққа байланысты барлық істерді жою. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу