Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу пунктерінің жұмысы жетілдіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу пунктерінің жұмысы жетілдіріледі

16.10.2019

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу пунктерінің жұмысы жетілдіріледі. Яғни қазіргі ұзын-сонар кезек біраз қысқартылмақ. Бұл туралы бүгін Парламент мәжілісінің жалпы отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді. Өткізу пунктеріне қатысты қойылған заң жобасын Мәжіліс депутаттары бір ауыздан мақұлдады. Хаттамада Сарытөбе және Ауқатты автомобиль өткізу пункттерінің мәртебесін екіжақтыдан «көпжақты халықаралыққа» ауыстыру ескерілген. Сонымен қатар «Нововоскресеновка» өткізу бекетінің атауын «Сыпатай батыр» деп өзгерту көзделген. Қазіргі кезде 2 ел арасында жұмыс істеп тұрған 7 өткізу бекеті арқылы жылына 11 миллиондай адам және 466 мың адам өтеді.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрі:

Келесі жылы, 20-жылы жаңғырту жұмыстары өткізіледі. Негізгі біздің жоспарымызда құрылыс жұмыстары, сонан кейін Шу өзені арқылы жаңа көпір салу. Қосымша көпір болғаннан кейін халыққа жеңілдік болады. Қазір мына 1 көпірмен автокөлікпен адамдар да өтіп жатыр қазір.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу