Елімізде жаңадан Сыртқы істер және Ұлттық экономика министрлері тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жаңадан Сыртқы істер және Ұлттық экономика министрлері тағайындалды

28.12.2016
Елімізде жаңадан Сыртқы істер және Ұлттық экономика министрлері тағайындалды

ҚР Ұлттық экономика министрі болып Тимур Сүлейменов тағайындалды. Ол осы күнге дейін Еуразия экономикалық комиссиясының алқа мүшесінде болып, экономика және қаржы саясатына жетекшілік еткен еді. Жаңа министрді ұжымға Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев таныстырды.

Сондай-ақ, бүгін ҚР Сыртқы істер министрі де ауысты. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Абдрахманов Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу