Барселонада шерушілер мен полицейлер арасындағы қақтығыс өршіді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Барселонада шерушілер мен полицейлер арасындағы қақтығыс өршіді

17.10.2019

Бейсенбіге қараған түні Барселонада полицейлер мен тәуелсіздік жақтастары арасындағы қақтығыс тіпті өршіді. Каталонияда қарсылық акциялары үш күннен бері тоқтамай отыр. Шерулердің басталуына осы аймақты корольдіктен бөліп алуды көздеген 9 каталондық лидердің ұзақ мерзімге сотталуы себепші. 

Демонстранттар жанжал кезінде бірнеше автомашина мен қоқыс жәшіктерін өртеп, орталық көшелерді бөгеді. Бірнеше адам жараланған. Олардың нақты саны белгісіз. Сонымен қатар, 51 шеруші тұтқындалды. 

Испания үкіметі қатаң әрекет етуге әзір екенін мәлімдеп отыр. «Тәртіп орнатудың барлық жолдарын қарастырып жатырмыз», - деді уақытша премьер-министр Педро Санчес Мадридте өткен баспасөз маслихатында.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу