«Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету» жобасы аясында «Қазақтану» және «Өзгерісті өзіңнен баста» лекторийлері өтті. Шарада ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен Ассамблея мүшелері елдік мүддеге қатысты ортақ құндылықтар туралы сөз қозғап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызы мен оның іске асырылуы туралы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, алда атқарылар жұмыстар пысықталды.
Жазира Амантайқызы, халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының өкілі:
Ұлттық жоба болғандықтан, оған «еңкейген кәріден бастап еңбектеген балаға дейін» дейміз ғой, осылайша барлығы өзінің үлестерін қосуы тиіс. «Өзгерісті өзіңнен баста», «Қазақтану» лекторийі – «Ұлы даланың жеті қыры», қазақтың мәдениеті, ұлт тәрбиесі, философиясы, соның бәрін жете таныстыру, жеткізу.
Ақерке Берікбекқызы