Көлік және логистика саласы бойынша жоғары білім алған студенттердің жыл сайын 90 пайызға жуығы жұмыссыз қалады.
Бұл туралы Алматыда «Kazlogistics» Қазақстан көлік иелері ұйымының бастамасымен өтіп жатқан жастар форумында айтылды. Мамандардың сөзінше, қазір елімізде көлік логистикасын оқытатын 40-тан астам жоғары оқу орны бар. Ал жылына 10 мыңға жуық түлек бітіреді. Бірақ, 1000-ға жуығы ғана мамандығына сай тұрақты жұмысқа орналасады. Қалғандары осы саладағы компаниялардың сұранысына сай болмайды. Сондықтан саладағы білім беру жүйесін жетілдіру қажет. Оқу орындары тек компаниялармен бірлесіп жұмыс істеп, шәкірттердің тәжірибелік білімін арттырғандығы маңызды.
Ерлан Абсатов, «Kazlogistics» Қазақстанның көлік иелері ұйымының бас директоры:
Біз қазір оқытудың кәсіби стандарттарын жасап жатырмыз. Өйткені студенттер оқуды бітірген кезде барлық талаптарға сай болуы керек. Ол үшін көлік және логистика бойынша білім беру саласына инновациялық технологияларды енгізу қажет. Осы бағытта жыл сайын стартап жобалардың конкурсын ұйымдастырудамыз.
Аманкелді Сейітхан