«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау туралы» Кодекске өзгертулер енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау туралы» Кодекске өзгертулер енгізілді

17.10.2019

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне түзетулер мен өзгертулер енгізілмек. Бүгін Парламент Мәжілісінде олардың таныстырылымы өтті. Құжат салаға жаңа заманауи технологияларды енгізу, дәрігерлердің мәртебесін өсіру, медициналық көмектің сапасын арттыру сияқты өзекті мәселелер қозғалған. Мәселен, жүргізуші куәлігін алу үшін әр адам алғашқы медициналық көмек көрсету курсынан өтуге міндеттелмек. Бұл жол көлік оқиғалары кезінде адам шығынын азайтуға бағытталған. Одан бөлек, балаларға екпе жасау міндетін орындамағандар мемлекеттік балабақшаларға бару құқығынан айырылады.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Екпеден бас тартқан балаларды балабақшаға кіргізуге рұқсат етілмейді. Оның себебі ең үлкен қауіп, ол — осы балабақшада. Себебі 7 жылға дейін баланың иммунитеті өте төмен. Біріншіден, сол балабақшаны ойлап отырмыз. Бірақ әрі қарай да біз бұл мәселені талқылаймыз. Мектепке барғанда да көп жағдайда балалар ауырып келеді. Соның себебі сол екпеден вакцинациядан өтпеген балалар болады.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу