Тозығы жеткен құбырлар қашан жөнделеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тозығы жеткен құбырлар қашан жөнделеді?

20.10.2019

Алматының сезім қаласы екенін талай ақын жырлап, талай композитор әнге қосқан. Алайда Алматы тура мағынасында да күйдіре салады... Дәлі - бетін бояғаннан іштегі тозығы жеткен дүниенің оңалмайтынына, ақыры сынып тынатынына дәлел оқиға болды. Құбыр жарылып, көшеде бірнеше шопыр күйіп қала жаздады. Ал өткен аптада 92 мың тұрғыны бар Жезқазған қаласы жылу электр станциясындағы апаттан кейін жарықсыз, сусыз, жылусыз қалған етін.

 Елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инженерлік желілері, жүйесі әбден тозған. Бір жағынан, тарифтер сондай бір арзан емес. Екінші жағынан, бізде коммуналдық қызметтердің ақысын төлемеу «дәстүрі» бар...

Президент Қ.Тоқаев Жолдауында: Тұрғын үй саясаты саласында бір мезетте 7 мемлекеттік оператор жұмыс істейді. Бұл тек орталық деңгейдегі ахуал, деп, проблеманың бір қырына нұсқаған. Ең қызығы, депутаттардың мәліметінше салаға қыруар қаржы қарастырылады, бірақ атқарушы билік ...игере алмай жатырмыз, деп «ағынан жарылатын» көрінеді.

Әлде осы салаға жауаптылар көппәтерлі, көп қабатты үйде тұрмай ма? Туысқандары тұратын шығар, енді...

Индира БЕГАЙДАР 


Хабарламаларға жазылу