Стокгольмде «Отандастар» қорының отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стокгольмде «Отандастар» қорының отырысы өтті

22.10.2019

Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған қордың мақсаты - шеттегі және елге көшіп келген қандастарға барынша қолдау көрсету. Скандинавия елдеріндегі ағайынның талап-тілегін тыңдау үшін қор басшылары, Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының өкілдері Швециядағы Қазақстан елшілігімен бірігіп, бизнес форум ұйымдастырды. 

Швеция, Дания, Норвегия, Финляндияда тұратын қандастарымыз шетелде «Қазақ үйі» мәдени-іскерлік орталығы құрылатынына қуанып отыр. Айтуларынша, орталық, шеттегі қазақтардың өз ана-тілін үйреніп, салт-дәстүрді сақтап, тың жобаларды жүзеге асыруға сеп. Басқосуда елден келген кәсіпкерлер өздерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін, тоқыма бұйымдарын Солтүстік Еуропа мемлекеттеріне экспорттағысы келетіндерін жеткізді. Бұған шеттегі ағайын қолдан келген көмекті көрсетуге әзір. 

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу