Мәжілістің жалпы отырысынан кейін депутаттар еліміздегі басқару тетіктерінде болып жатқан өзгерістерге қатысты пікірлерін білдірді. Олардың айтуынша, үлкен іріктеу арқылы жоғары шенге тағайындалған маманның жауапкершілігі еселеп артады.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұл қосымша іріктеу болып тұр. Қандай олқылық болды… Екінші мәселе, сыннан өткен азамат ертең билікке барғанда анау-мынау қадам басардың алдында ойлануы керек.
Нұржан Әлтаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұның алдында Конституциялық біраз өзгерістер енгізілген болатын. Ол кезде Парламентке біраз функциялар берілген болатын. Одан кейін, Қауіпсіздік кеңес туралы біраз заң қабылданды. Ол заң жобасы кезінде қоғамда да, Парламент қабырғасында да біраз талқыланды. Қазір сол қабылданған заңды ары қарай жұмыс істету үшін, енгізу үшін осы жарғы қабылданып отыр.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ