Сенат спикері Дариға Назарбаева Ресей Федерациясы Үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевпен кездесті, өзекті мәселелерді талқылады.
Жоғары палата басшысы қазақстандық көмірді Ресей мен Украинаға жеткізу мәселесін көтерді. Оның айтуынша, жүкті Ресей аумағынан шығаруға және сол аумақтан Украинаға транзитке шектеулер енгізілгеннен кейін қазақстандық кәсіпорындарға Украина нарығына кіру мүмкін болмай қалды. Оған қоса Ресей нарығы айтарлықтай қысқарған. Бағаның құлдырауы мен көлік шығындарының өсуіне байланысты Еуропалық бағыт та іс жүзінде тоқтады.
Медведев болса, талқыланған барлық түйткілдер бойынша тиісті тапсырмалар берілетінін жеткізді.
Индира Бегайдар