Алматыда «Ұлы дала елі» атты халықаралық жыршылар этнофестивалі өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шараға біздің ел мен Қарақалпақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Башқұртстан, Ираннан келген өнерпаздар қатысты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл елдерде де жыр өнері өркен жайған. Кеште «Қырымның қырық батыры», «Көріғұлы», «Алпамыс батыр» және Қырғыздың әйгілі «Манас» жыры орындалды. Осымен жетінші рет өткен фестиваль жыраулық, жыршылық өнерді кеңінен насихаттап, тарихи ұлттық сананы қайта жаңғыртуға септігін тигізеді.
Базарбек Атығай, «Ұлы дала елі» халықаралық жыршылар этнофестивалінің продюсері:
Біз жыл сайын әртүрлі тақырыптарды беріп отырдық. Әртүрлі тақырыптарды беруге тырыстық. Яғни, осы жырмен түркі елдерінің, біздің қазақ ұлтының тарихын баян ететін «Жыр қанатындағы тарих» деген гала-концертпен басталған. Бұл фестивальдың басты мақсаты - жыр айту өнерін насихаттау.
Нұрхан Нұрланұлы