Елден жырақта жүрген қандастарымыздың мәселесі қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елден жырақта жүрген қандастарымыздың мәселесі қаралды

25.10.2019

Отанынан жырақта жүрген қандастарымызды мәдени-рухани тұрғыдан қана емес, құқықтық-заңнамалық тұрғыдан да қолдауымыз қажет. «Адам және этникалық азшылықтар құқықтарын қорғау» тақырыбына арналған жиында осы мәселе сөз болды. 

Қазір елімізде қандастарымызды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарлама әзірленіп жатыр. Бүгінгі басқосу әлемде бар үздік тәжірибелерді сарапқа салу мақсатында ұйымдастырылды. Шараға халықаралық ұйымдар мен заңгерлер қатысты. 

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша шетелде тұратын этникалық қазақтардың құқықтарын қорғау мақсатында өзге үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар қабылданды.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу