Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев өңірге жұмыс сапармен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев өңірге жұмыс сапармен барды

25.10.2019

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына байланысты Отырар кітапханасы қайта жасақталады. Сондай-ақ ұлы ғалымның туған жері Оқсыз тарихи аймағы ретке келтіріліп, оның еңбектерін зерделеумен айналысып жүрген шетелдік оқымыстылардың жазбаларын елге алдыру мүмкіндігі қарастырылады. Бүгін Түркістан облысына барған Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев келер жылы өтетін мерейтойға дайындық жұмыстарын пысықтап, зиялы қауымның ұсыныс-пікірін тыңдады.

Бір жылға жоспарланған мерейтой 55 тармақтан тұрады. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетіндегі симпозиумнан бастау алып, ЮНЕСКО-ның штаб пәтеріндегі жиынмен жабылғалы отыр. Осы арылықта ұлы ойшылдың ғылымға әкелген жаңалығы жан-жақты насихатталады. Бүгінгі таңда әлемнің 10 елінде фарабитану орталығы жұмыс істейді. Олармен бірлесе отырып, ғалымның өміршең идеяларын халықаралық деңгейде ілгерілету көзделіп отыр.

Шолпан Қарина, ҚР Ғылым және білім министрінің орынбасары:

Солардың жұмысымен көбірек таныстырып, қазақстандық жерлестерімізді ғылыми шетелде жасалып жатқан жұмыстармен таныстыру бір тармағы. Екіншіден, археологиялық жұмыстар. Деректі фильм түсіру және осындай істерді жастарға таныстыру қарастырылған.

Вице-премьер осы мерейтойдың негізгі шаралары өтетін Шәуілдір ауылындағы мәдени нысандардың жайы-күйін көріп шықты. Әл-Фараби ескерткіші мен «Отырар» мұражайына сәулеттік өзгерістер жасауды тапсырды. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында қазір орталық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жасалып жатыр. Құрылысқа 262 миллион теңге бөлінген.

Есенбек Шайырбекұлы, Отырар ауданы әкімдігі қала, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

Қас беті жөнеделеді. Сырты жылу сақтағыш қабатпен әрлеу, сырлау жүргізіліп, есік-терезелері ауыстырылады. Сонымен қатар жылу жүйесі жаңарады.

Бердібек Сапарбаев мұнан соң Түркістан қаласына келді. Мағжан Жұмабаев атындағы ораты мектепте ұстаздар қауымымен кездесіп, ұрпақ тәрбиесі, ұстаз ұлағатына байланысты ой бөлісті.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер- Министрінің орынбасары:

Біздің негізгі мақсатымыз — 2-3 жылдың ішінде мұғалімнің жалақысы қазақстандықтардың орат жалақысынан кем болмауы керек. Екінші, одан әрі өсу керек. Бірақ мұғалімнің тарапынан қайтарымы болуы керек. Ол-білімнің сапасы.

Сапарбае түркістандықтық жастармен және ардагерлермен жолығып, Президент Жолдауындағы басым бағыттарды және оны жүзеге асыруға байланысты үкіметте атқарылып жатқан жұмыстарды баян етті.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу