Елімізде 87 шекаралық аудан бар. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғыз елі, Түркіменстан және Қытаймен шектеседі. Қазір сол аудандардағы ауылдардың ахуалы алаңдатарлық жағдайда екені айқын. Мәселен, шалғайда жатқан елді мекендердегі халық жыл сайын көшіп, біртіндеп ауылдардың оты өшіп барады. Өйткені онда ауыл халқына өмір сүруге қолайлы жағдай жоқ. Әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауы, жұмыссыздық, халық санының азаюы шекараның кейбір аумақтарының қаңырап бос қалуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Ержан ЖАҚЫП